Біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі – «KAZNEX INVEST» АҚ) ұлттық даму институттарының бірі болып табылып, қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту мен алға бастыруға және экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға неғұрлым жағымды жағдай жасау арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесу бойынша қызмет атқарады.
Миссиясы – қазақстандық бизнесті интернационализациялау арқылы отандық кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру.
Қызметтің негізгі бағыты:
· кәсіпорынның экспорттық қабілетін дамытуға жәрдемдесу (экспорттық әлеуетті бағалау, қазақстандық кәсіпорындарды оқыту, экспорттаушылардың мәлімет базасын қалыптастыру, саудалық қаржыландырудың тәсілдері, логистика, кедендік тәртіп, орау туралы және т.б. ақпарат беру);
· қазақстандық өнімнің экспортын алға бастыру (басқа елдермен байланыс орнату және ұстау, көрмелер, экспорттаушылар мен импорттаушылардың миссияларын өткізу, сыртқы нарыққа шығуға көмектесу);
· шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу (шетелдік инвесторларды іздеу, инвестиция алдындағы қолдау, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету);
· институционалдық әлеуетті дамыту (сауда рәсімдерін жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау, сауданы қолдау желісі қатысушыларының арасында әрекеттестікті жүргізу, сауда саласындағы біліктілікті дамыту, экспорттаушыларға көмек жарияланымдарын шығару және т.б.);
· талдамалық зерттеулер жүргізу (салаларды және әлеуетті өтім нарықтарын зерттеу, қолданыстағы заңнаманы талдау және т.б.).
«KAZNEX INVEST» АҚ өз өнімін экспорттайтын қазақстандық кәсіпорындармен, сондай-ақ экспорттауға әлеуеті мен ынтасы бар кәсіпорындармен жұмыс істейді. Сонымен қатар, шетелдік компаниялардың капиталын, технологиясы мен білімін Қазақстанға тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
2009 жылы «KAZNEX INVEST» АҚ жәрдем көрсетуі арқасында жалпы сомасы 120 млн. АҚШ долларына тең экспорттық контрактар жасалды. Қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарыққа шығу кезінде сервистік көмек көрсетілді.
Қазақстан аумағында экономиканың өңдеуші секторларындағы бірлескен өндірістерді құру мақсатында жетекші трансұлттық компаниялармен әрекет ету «KAZNEX INVEST» АҚ функцияларына жатады. Ел экономикасының шикізаттық емес секторларына қаражат салуға дайын шетел инвесторлары үшін «KAZNEX INVEST» АҚ «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін болады.
«KAZNEX INVEST» АҚ экспортты дамыту және инвестицияларды тарту аясындағы мемлекеттік саясаттың тікелей іске асырушысы болып табылады, республикалық бюджеттен қаржыландырылады және өз қызметін ақысыз негізде көрсетеді.
Клиенттермен
жұмыс жөніндегі
департаменті





