экспорт және инвестицияларға
 

жаңа мүмкіндіктер

Даму стратегиясы

2009-2013 жылдарға АҚ «KAZNEX» экспортты дамыту мен алға бастыру бойынша Корпорациясы» дамуының стратегиялық бағыты

1. Кіріспе

АҚ «Экспортты дамыту мен алға бастыру бойынша Корпорациясы» АҚ «Маркетингтік-талдамалы зерттеулер Орталығы» негізінде 2007 жылы 14 қарашада құрылды.

Корпорацияны құру мақсаты — экономиканың өндеуші секторындағы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін дамытуда жан-жақты көмек көрсету және олардың өнімдерін сыртқы нарыққа жылжыту болып табылады.

Корпорацияның негізгі қызмет түрі болып табылады:

  • Экспорттың дамуын ынталандыратын тиімді жүйені құру;
  • Экспорттың жылжуын қолдайтын тиімді жүйені құру;
  • Ғаламдық нарықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін институтционалды ынталандыру;
  • Қазақстандық тауарлар брэндингін қолдаудың жүйесін құру.

Ұсынылатын қызметтердің негізгі түрінің ішіндегі маңыздылары:  

  • Отандық және халықаралық нарыққа талдау жүргізу;
  • Сыртқы нарыққа шығу, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мен бизнесті дамыту саласында, ақпараттық пен, ақыл-кеңестік қызмет көрсету; 
  • Қазақстандық экспортшыларға ұйымдастырушы-техникалық мәселені шешуде көмек көрсету;
  • Бизнес форум, тренинг пен семинар өткізу мен ұйымдастыру;
  • Әлемдік нарыққа қазақстандық тауарлар брэндісі тетігін әзірлеу мен қалыптастыру;
  • Экспортты дамыту мен жылжыту жобасын жүзеге асыру мен дайындау;
  • Халықаралық пен аймақтық дәрежедегі экспортқа жәрдем беру бойынша мақсатты орта және ұзақ мерзімді бағдарламаларды дайындауға, сондай-ақ, оларды жүзеге асыру бойынша кешенді шараларға көмектесу;
  • Әдістемелік, ақпараттық-анықтамалық және талдамалы материалдарды тарату мен басу;
  • Экспортты қолдау институты желісін дамыту мен құруға қатысу;
  • Өз құзіреті шеңберінде қазақстандық, шет елдік және халықаралық ұйымдармен өзара қатынас. 

2. Стратегиялық талдау

Экспорттау мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту — өндірушілердің ісі, мемлекет міндеті — кәсіпорындардың өз экспорты мен бәсекеге қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін жағдай мен ортаны құру. ҚР даму институты қызметін үйлестіру негізінде ұлттық экономиканы диверсификациялауда ҚР Үкіметіне жәрдем беру бойынша міндетті орындауда Корпорация жүзеге асыру мен даму міндетін үйлестіруші, ұйымдастырушы және байланыстырушы рөлін келесідей жоспарлы кезеңге қояды:

  • экспортты дамуын ынталандыратын тиімді жүйені құру үшін жағдай тудыру;
  • экспорттың жылжуын қолдауда тиімді жүйені құру үшін жағдай тудыру;
  • ғаламдық нарықта Қазақстанның бәсекеге қабілетін институтционалды ынталандыру жүйесін құру.

3. Басқару мен міндеті

Басқару — Корпорация мемлекет пен бизнестің тиімді ынтымақтастығы негізінде экспорттың дамуы мен алға басуының институционалдық жүйесін құруда қозғаушы күш ретінде саналады.

Мақсаты — қазақстандық бизнесті интерұлттандыру арқылы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал ету болып табылады.

4. Міндет пен мақсат, дамудың стратегиялық бағыты

Корпорация қызметіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдаудан, сондай-ақ қалыптасқан басқарудан келесідей дамудың стратегиялық бағыты анықталды:

I. Экспорттың дамуын ынталандыратын тиімді жүйені құру

Корпорация осы даму бағыты шеңберінде отандық кәсіпорындардың экспорттау қабілеті мен ішкі әлеуеттің дамуына жәрдем беруге бағытталған кешенді әрекеттерді жүзеге асыратын болады.

Бұл бағыттың негізгі мақсаты болып табылады:

  • Корпорация клиенттері үлесі, өз қызметін жақсартқан көрсеткіші — 15 бастап 40% жыл сайын (№ 1 қосымшаны қараңыз);
  • Корпорация клиенттері санының өсімі — 15% жыл сайын (№ 1 қосымшаны қараңыз);
  • Көрсеткен қызметтерді «жақсы» және «өте жақсы» бағалаған Корпорация клиенттерінің қанағаттанарлық деңгейіне қол жеткізуі — 80%.

Корпорация осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді жүзеге асыратын болады:

  • экспорттық әлеуетке ие кәсіпорын мен өнімді тәуелсіз бағалау (диагностика) негізінде теңдестіру;
  • экспорттық стратегияны жүзеге асыру мен дайындауға жәрдемдесу, алғашқы үш жылда жігерді үш ұшқыр салаға жұмылдыру (машина жасау, химия және тағамдық); 
  • өнімді сыртқы нарыққа шығару мен дайындау бойынша үш салаға жәрдем беретін ұшқыр жүзеге асырудың негізінде экспортталушы немесе экспортқа дайындалушы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың алғышартын іс жүзіңде өндеу;
  • 2009 жылдан бастап жыл сайын сала астында немесе бір салаға қосымша жәрдем беру тәжірибесін экстра қырнау;
  • өндірушілерге олардың экспорттық әлеуетін дамытуға кедергі келтіретін бөгеттерді көрсету мен талдау негізінде экспорттық өндірісті ынталандыру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • экспорттық өнім мен әрекеттегі экспорттаушылар туралы, ақпараттан тұратын жыл сайын жаңартылатын экспортшылар тізбесін құрып және елден тыс тарату;
  • экспортталушы және экспорттық әлеуетке ие өнім жөніндегі, ақпаратпен жыл сайын экспорттық өнім анықтамалығын дайындап және елден тыс тарату;
  • экспорттаушыға көмекші нұсқаулық жарияланымдарды дайындау және басу;
  • экспорт қызметі саласында өндірушілер үшін қажетті елдерде бар қызметтер каталогын дайындау мен жариялау (қазақстандық оқыту орталықтары, консалтингтік және басқа да қызметтер);
  • әлеуетті немесе әрекеттегі экспорттаушылар үшін, ақпараттық-анықтамалық қызметті құру мен дамыту;
  • халықаралық аккредитацияға дайындықта қазақстандық зертханаларға көмек көрсету.

Ең жоғарғы экспорттық әлеуетті өнімді анықтау кезеңдік диагностика мен диагностикаға қатысуға тілек білдірген кәсіпорындарға сандық және сапалық бағалау әдістемесін қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл диагностикаға елімізде мамандардың болмауы себебінен, сыртқы нарықты, осы нарықтың талаптарын білетін, сондай-ақ бұл нарыққа шығу үшін қажетті байланыстары бар шет елдік сарапшылар тартылады.

Диагностиканың бірінші кезеңі диагностикаға қатысуға тілек білдірген кез келген кәсіпорынды қамтуды қарастырады.

Осы бағыттағы жұмыс нәтижесі бойынша жылсайын өнім анықтамалығы мен өндірушілер тізбесі, қызметтер каталогы, нұсқаулық сипаттағы жарияланымдар сияқты Корпорация материалдары жаңартылып және қалыптасатын болады.

II. Экспорттың алға басуын қолдаудың тиімді жүйесін құру

Негізінен елден тыс жүзеге асатын және сыртқы бағыттағы қызметтер мен кешенді шаралар экспортты жылжыту болып табылады. Мұндай шаралар мен қызметтер сыртқы шараларға қатысуды (көрме, жәрмеңке, сауда миссиясы) немесе елден тыс өзіндік іс-шаралар мен әрекеттерден тұрады (ақпаратты жеткізу, жарнама, оқу және сауда туры, жылжыту акциясы, шет елдік іс-шаралармен кооперирлеу).

Осы бағыттың мақсаты болып табылады:

  • Корпорация клиенттерімен жүргізілген өнім экспортының өсіміне жәрдемдесу — 5 бастап 15% жыл сайын (№ 1 қосымшаны қараңыз);
  • Корпорацияның жәрдем беруімен бекітілген келісімдердің саны — 5 бастап 20 дейін келісім жыл сайын (№ 1 қосымшаны қараңыз);
  • Көрсетілген қызметтерді «өте жақсы» мен «жақсыға» бағалаған Корпорация клиенттерінің қанағаттанарлық деңгейіне қол жеткізу — 80%.

Корпорация осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді жүзеге асырады:

  • Мамандандырылған басылымдарға материалдарды мекенжайлық орналастыру жолымен қазақстандық өндірушілер мен өнімдер туралы мақсатты шет елдік аудиторияның хабардарлығын жоғарылату;
  • Көрме мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастырушылық қолдау арқылы қазақстандық өндірушілер мен өнімнің ұсыну-деңгейі мен жиілігін жоғарылату;
  • Корпорацияның шет елде меншікті өкілдігін ашу мен шет елде қазақстандық бизнестің өкілдігін ашуға жәрдем беру арқылы сыртқы нарыққа тұрақты қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • Ашылған өкілдіктермен тәжірибелік өзара қатынасты орнату арқылы қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін шығарғаннан кейін бірден нарықта қолдау (қазақстандық бизнестің шет елде жұмыс істейтін мемлекеттік шекарадан тыс мекемелер, сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері);
  • Шет елде және елімізде шетелдік бизнесмендермен кездесу, акция өткізу, сауда миссиясын ұйымдастыру арқылы серіктестік орнатып және байланыстарды нығайтуда қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету;
  • Кәсіпорындар үшін жеке сарапшыларды тарту, оқу тураларымен әлемдік өндірістерді аралау, тәжірибелік машыққа үйренуді ұйымдастыру арқылы әлемдік экспорттаушылардың тәжірибесін игеруге бизнесмендерге жәрдемдесу;

Қазақстандық өнім елден тыс аз танымал, сол себепті Корпорация әлеуетті тұтынушылар пайдаланатын шет елдік, ақпарат дереккөздеріне өнім туралы, ақпаратты тұрақты негізде орналастыратын болады: арнайы катологтар, директориялар, листингтер, өндірушілер мен өнімнің мәліметтер қорына. Қазақстандық өнімді жылжытуда маңызды рөлді шет елдік өкілдіктер алады, өйткені олар мақсатты бағытталған, ақпараттық, ұйымдастырушылық сипаттағы, келісімдермен, байланыстар орнатуға, көмек көрсетуге арналған.

Корпорация осы мақсатпен кәсіпорындар тобы немесе бизнес-қауымдастықтар үшін шет елдік өкілдіктерді мақсатты елдерде ұйымдастыруға жәрдем беретін болады.

III. Экспортты қолдау мен ынталандырудың институционалдық жүйесін құру

Жеке элементтердің барына қарамай, бүгінде жалпы Қазақстанда мұндай институционалды жүйе жоқ, бұл отандық өндірушілерді олардың бәсекелестерімен салыстырғанда сыртқы және ішкі нарықта да пайдасыз жағдайға қояды. Сондықтан Корпорация мемлекеттік және жеке сектормен серіктестік негізінде, мұндай жүйені құру ісінде байланыстырушы мен үйлестіруші, ұйымдастырушы рөлді атқаруды өзіңе алады.

Корпорация бұл бағыттағы мақсатқа қол жеткізу үшін келесілерді жүзеге асыратын болады:

  • экспорттың дамуын қолдау мен атаулы ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындармен жұмыс негізінде заңнамалық қорды жетілдіру бойынша бастамаларды дайындап және жылжыту;
  • байланыстырушы буын ретінде экспорт қызметі саласында мемлекеттік құрылым мен бизнес қауымдастықтар, сауда-өнеркәсіп палатасы, консалтингтік компаниялармен Корпорация арасында өзара қатынас алғышарты мен желісін қалыптастыру мен дамыту;
  • оқыту сипатындағы әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы экспорттық қызмет саласында басқа да қызығушылық танытқан ұйымдар мен кәсіпорындардың кадр біліктілігін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ таяу жылдарда оқу орталықтарын құру;
  • ынтымақтастық іс-шаралары мен жобаларды жүзеге асыру мен дайындау арқылы әлемдік және аймақтық деңгейде экспортты алға бастыру мен даму саласында халықаралық пен басқа да ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып және жүргізу;
  • Корпорация қызметімен жүзеге асырылып жатқан кең баяндау мен үгіттеу, түсіндіру арқылы қоғамда экспорт маңыздылығын түсінудің қалыптасуына жәрдемдесу.

IV. Талдама қызметі

Бұл бағыттың мақсаты — Корпорацияның барлық қызметінің талдамалы тұғырнамасын құру және тұрақты маңыздандыру.

Корпорация осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей бағыттарда талдамалы сипаттағы жұмыс жүргізетін болады:

  • Коммерциялық пен тегін негіз түрінде қызығушылық танытқан әр түрлі тарап арасында (талдау нәтижесінде) таратумен ресми статистика сүйеніп сыртқы саудаға жүйелі талдау;
  • Ұшқыр салалардан бастап салалық талдау, келесі жылдары оларды басқа салаға экстраполирациялау;
  • Ұшқыр өнім/саладағы өнім және елдер бойынша жалпы жағдайға, сондай-ақ сұрау бойынша талдау.
  • Әр түрлі типтегі нарықтарды зерттеудің әдістемесін дайындау (TradeMap, ComTrade және басқа да мәліметтер қорын пайдаланып);
  • Осындай әдістемелер бойынша бизнесті оқытуды дайындау мен жүзеге асыру;
  • Әр түрлі формат пен басылымдарда оқыту мен зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары.

Корпорация өзінің талдамалы қызметінде жеке сектормен, мемлекеттік органдармен немесе талдамалы құрылымдармен бәсекелеспейтін болады, себебі талдау жұмыстары әрекеттегі және әлеуетті экспорттаушылардың хабардарлығын жоғарлатуда ерекше тар бағыт алған.

V. Қазақстандық тауар мен қызмет брэндісіне ықпал ету

Қазақстан мен оның өнімі туралы төмен хабардарлық пен сыртқы нарықтағы күшті бәсекелестік нарықтағы жағдайдың серпінділігін ескеріп, бұл жылжыту тәсілін маңызды етіп, өнім немесе компанияның брэндісіне ерекше мән бергіздіртеді. Бүгінде Қазақстанда қазақстандық тауарлар брэндісін қолдаудың тиімді жүйесі жоқ және бұл қызмет қалыптасу кезеңін өткеруде. Корпорация мақсаты — елімізде осындай сараптаманың дамуын ынталандыру бойынша ұсыныстарды дайындау мен талдау арқылы. бұл жүйенің жылдам дамуына ықпал ету болып табылады.

Өнім брэндісіне шығындардың жоғары құны мен жаңашылдығын ескеріп, Корпорация мемлекеттік органдар және бизнеспен тығыз ынтымақтастықтағы мемлекет тарапынан қолдау мен ынталандыру мәніне қазақстандық бизнестің мүмкіндігі мен қажеттілігін үйлесімдендіру мәселелерін әзірлейтін болады.

5. Тиімділіктің маңызды көрсеткіштері

Әлемдік тәжірибені зерделеу көрсетіп отырғандай, экспортты дамыту мен алға бастыру бойынша ұйымдар қызметінің 90% астамы залалды. Көрсетілген қызметтерден табыс алу қызметтің мақсаты болып табылмайды және бұл ұйымдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіші-де болып саналмайды.

Сонымен қатар табысты экспорттаушы — елдердің тәжірибесін ескере отырып дайындалған № 1 қосымшада тиімділіктің маңызды көрсеткіштері көрсетілген (мысалы, Австралия, Ұлыбритания, Корея).

6. Жүзеге асырудың мониторингісі мен тетігі

СДБ (Стратегиялық даму бағыты) жүзеге асыруды жедел бақылау мақсатында, тоқсан сайын СДБ орындалу мониторингін жүзеге асыру жоспарлануда. СДБ орындалу мониторингісінің қортындысы бойынша, тиімділіктің маңызды көрсеткіштері бекітілген шеңберде Корпорация қызметінің түзетулер бойынша ұсыныстарымен талдамалы есебін Корпорация басқармасының өкілетті мүшелерінің қарауына ұсыну жоспарлануда.

7. Күтілетін нәтижелер

Корпорация қызметінен жоспарлы кезеңде келесідей нәтижелер күтіледі:

  • Корпорация экспортты дамыту мен жылжыту бойынша ұлттық ұйым ретінде қалыптасты (бизнестің қажеттілігіне қызметтердің бейімделуі, ұйымдастыру құрылымдарын оңтайландыру, арнайы біліммен қызметкерлерді құрамдау, экспорттың дамуы мен алға басуының құралдары мен әдістемесін дайындау);
  • Корпорация мемлекет және бизнеспен тиімді ынтымақтастық негізінде экспорттың дамуы мен алға басуының институтционалдық жүйесін құруда қозғаушы күш болды;
  • Корпорация елімізде және шет елде танымал;
  • Корпорацияның ықпал етуімен мемлекет әрі жеке сектор тарапынан сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасында өзара қатынас желісі құрылды;
  • Корпорация көмегімен сауданы дамыту үшін қызметтер желісі мен сауданы жылжыту жүйесі құрылды;
  • Корпорация негізгі жобалап ұсынған заңнамалық бастама жүзеге асырылды.

1 қосымша

Қаржылық емес 20092010201120122013
Үш ұшқыр саладағы кәсіпорындар экспортының өсімі. №1 ескертпе. 15-20%20-25%25-30%25-30%25-30%
Корпорация клиенттерімен өндірілген өнім экспортының өсімі. №2 ескертпе.5%15%15%5%15%
Корпорация клиенттері санының өсімі (тіркеу мәліметі бойынша). №3 ескертпе.  15%15%15%15%15%
Өз қызметтерінің көрсеткішін жақсартқан Корпорация клиенттерінің үлесі*
Көрсеткіштердің жақсаруын растау компаниялардың өз ақпараты арқылы (2 жылда 30% кем емес).№4 ескертпе 
15%30%35%40%40%
Корпорацияның институционалды дамуы үшін.Жылына 1 жоба немесе 3 іс шара
Корпорация ықпалымен ниет туралы бекітілген хаттама, келісімдер саны (сатушы-сатып алушы).5  д.10 д.15 д.20 д.20 д.

*Жақсарғаны жөнінде кәуландыруы мүмкін мысалдық көрсеткіштер:

  1. халықаралық стандарттар мен рәсімдерді ендіру
  2. ысыраб еселігі, сапасыздық, өнімді қайтару
  3. өндіріс технологиясын жаңарту/жақсарту - өз құнын төмендету
  4. қызметкерді ынталандару, біліктілігін жоғарылату;
  5. әкімшілік шығындарды төмендету
  6. маркетингті жақсарту – ішкі нарықта сауда өсімі

Клиенттермен
жұмыс жөніндегі
департаменті

+ 7 (7172) 79 93 93

  ішкі 1010/1070