Концессиялық жобалары бойынша концессионерлердің таңдауымен ашық конкурстар жөнінде хабарландыру
22 Шілде 2011
Конкурстық құжаттамаларды алу үшін тіркеу журналына тіркелу қажет.
Қарағанды облысының Білім басқармасы ММ, Қарағанды қ., Алиханов көшесі, 19-үй, № 5 кабинет, тел.: (7212) 412250, концессиялық жобалары бойынша концессионерлердің таңдауымен ашық конкурстарды жариялайды:
- «Қарағанды қаласында балабақша кешенін құру және пайдалану». Жоба бойынша Қарағанды қаласында 11 балабақша кешенінінің құрылысы және пайдалануы жорамалдануда.
- «Теміртау қаласында балабақша кешенін құру және пайдалану». Жоба бойынша Теміртау қаласында 4 балабақша кешенінінің құрылысы және пайдалануы жорамалдануда.
Қонкурстық құжаттаманың толық топтамасын, соның ішінде, концессия объектілері, конкурс ұйымдастырушысына тапсырылатын қажетті құжаттар тізімі және конкурстың әлеуетті қатысушыларына қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ, әлеуетті қатысушылармен конкурс ережелерін талқылауға арналған кездесу туралы ақпаратты Қарағанды қ., Алиханов көшесі, 19-үй, № 5 кабинет, тел.: (7212) 412250, байланыстағы қызметкер О.Ф. Киселева немесе www.doko.kz сайтынан жүктеу арқылы табуға болады.
Конкурстық құжаттамаларды алу үшін тіркеу журналына тіркелу қажет.
Конкурстық құжаттаманы 2011 жылдың 14 тамызында, сағат 14-00-ге дейін алуға болады.
Конкурсқа қатысуға ұсынылатын өтінімдердің ақырғы мерзімі 2011 жылдың 15 тамызы, сағат 12-00-ге дейін.
Конкурстық тапсырыстар салынған конверттердің ашылуы 2011 жылдың 15 тамыз айында, сағат 14-00-де Қарағанды қ., Алиханов көшесі, 19-үй, № 5 кабинетте өтеді.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады: (7212) 412250.
Клиенттермен
жұмыс жөніндегі
департаменті





